about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының 2021 жылдың 5 айындағы пациенттердің құқығын қорғау мақсатында көрсетілген медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг бойынша

«акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы 2020 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде…

8, Маусым 2021

«акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы 2020 жылға  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде   денсаулық сақтау субъектілерімен  (2019ж.-91) медициналық қызметтерді сатып алуға шарт жасалған, оның ішінде 77 – 70,6% жеке меншік медициналық мекеме (2019 г.- 58).

Медициналық көмек көрсететін 117 денсаулық сақтау субъектісімен 325 шарт жасалған, оның ішінде: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде -176 шарт, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аясында -149 шарт жасалған

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарлық, стационарды алмастыратын көмек,  туберкулезбен, ВИЧ/СПИД, наркомания, алколголизм, психикалық және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға  мамандандырылған стационарлық көмек , паллиативті көмек, клиникалық-диагностикалық қызмет оның ішінде жан басына шаққандағы комплекстен тыс клиникалық-диагностикалық қызмет, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, жедел медициналық көмек, қан қызметі және патологиялық-анатомиялық көмек көрсетіледі.

Медициналық қызмет сапасын  бмониторингтеу бөлімінің қызметі пациенттердің құқықтары қорғаумен, медициналық қызмет көрсету стандарттарын сақтаумен, медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Филиалдың медициналық қызметтің сапасын мониторингтеу бөлімі мамандары сатып алу шартында айқындалған міндеттемелерге күнделікті мониторинг жүргізу нәтижесінде стационарлық көмек көрсету медициналық мекемелер бойынша  4467 ақау анықталып, 289 424 902,7 тенге құны төлемнен алынды.

2021 жылдың 5 айында медициналық қызмет сапасы мен көлемін мониторинг бөлімі  сарапшыларымен жоспарға сай 51  медициналық мекемеге проактивтік мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен тегін көрсетілетін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық консультативтік қызметке пациенттердің қолжетімділігін арттыру бойынша, сонымен бірге медициналық мекемелердегі пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің  сапасын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі  балаларға  медициналық реабилитациялық көмек сапасы бойынша және  неонаталдық скринг және ерте жастағы балаларға жүргізілген профилактикалық тексеру, соның ішінд  дені сау бала және катамнестикалық кабинеттер жұмысы сапасына қатысты 33  медициналық мекемегеге нысаналы мониторинг жүргізілді.  Нәтижесі бойынша 1191 ақау анықталып, 18 086111,2 тенге көлемінде төлемнен ұсталынды.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша  медициналық қызмет ұсынушылар  жүйелі сипаттағы кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен бірге Денсаулық саұқтау басқармасына денсаулық сақтау субьектілерінің материалды -техникалық жабдықталуы, мамандардың дайындығы  және  медициналық қызметтің сапасын жақсарту, денсаулық сақтау субьектілерінің материалды -техникалық жабдықталуы бойынша ұсыныстар  ұсыныстар жолданады.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городской родильный дом"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, улица Алдиярова, 60

yuko_roddom2@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 57-11-42
Медициналық мекеменің байланыс орталығы